$ 448.15  483.46  4.86

«Салық бойынша қарызы барларға өсімпұлдан бөлек айыппұл салынбайды» - Қаржы министрлігі

Жеке тұлғалар жер салығы мен мүлік салығын бюджетке есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 қазанынан кешіктірмей төлеуі тиіс.
фото: baigenews.kz/news
фото: baigenews.kz/news

ҚР Қаржы министрлігі әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде "қазан айының 1-не дейінгі өткен салық кезеңдері бойынша қарыздар төленбеген жағдайда өсімпұлдан (пениеден) бөлек 8 АЕК (шамамен 20000 теңге) мөлшерінде айыппұл алынады" деп тараған ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Қаржы министрлігі бұл хабарламаның шындыққа сәйкес келмейтіндігін ресми түрде мәлімдейді. Жеке тұлғалар жер салығы мен мүлік салығын бюджетке есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 қазанынан кешіктірмей төлеуі тиіс. Көлік салығы салық кезеңінің 31 желтоқсанынан кешіктірілімеуі керек. Сонымен бірге, Салық кодексінде салық міндеттемесін орындауды кешіктірген әрбір күн үшін берешек сома үшін өсімпұл есептеуді қоспағанда, айыппұлдар белгіленбеген", - деді ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз хатшысы Әлібек Әбділов.

Ол жеке тұлғаларға арналған салық амнистиясы жыл соңына дейін күшін сақтайтынын, оған сәйкес кешіктірген салығының негізгі сомасын жеке тұлға төлесе, онда өсімпұл автоматты түрде есептен шығарылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары