Жаңалықтар 17.09.2020 сағат 15:40

Нұр-Сұлтан қалалық комитеті халықтың несиесін кешіру мәселесіне қатысты отырыс өткізді

Айқын Қоңыровтың сөзіне сенсек, банк секторының экономиканың шынайы секторындағы күші басым.
Нұр-Сұлтан қалалық комитеті халықтың несиесін кешіру мәселесіне қатысты отырыс өткізді
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазақстан коммунистік халық партиясы Нұр-Сұлтан қалалық комитетінің кеңсесінде халыққа несие рақымшылығын жасау бастамасына байланысты отырыс өткізді.

Кеше коммунистер халықтың, шағын және орта бизнестің несиеге батып кеткенін айтып, пандемияға дейін салықты уақытылы төлеген жеке және заңды тұлғаларға кең көлемді несие амнистиясын жариялауды ұсынған.

Партияның парламентіндегі фракциясының жетекшісі Айқын Қоңыров айтуынша, қазіргі заңнамаға сәйкес азаматтардың алған қарызы үшін банктер мен микроқаржылық ұйымдардың алдындағы жауапкершілігі күшейген. Қаржылық институттар қайтарылмаған қарыздар үшін азаматтардың құқығын шектей алады.

– Кейбір қаржылық институттар азаматтардың ел ішінде қозғалысын шектеуге дейінгі құзыретке ие болған. Тіпті пойыз бен ұшаққа отырғызбауға дейінгі жағдайлар кездеседі. Мұның ақыры экономиканы деградацияға ұшыратынын ескеру керек, – деді ол.

Айқын Қоңыровтың сөзіне сенсек, банк секторының экономиканың шынайы секторындағы күші басым.

– Экономистердің айтуынша бұл жағдай қазір өзінің логикалық түйініне тақап қалған. Өткен ғасырда Батыс елдерінің банкирлері мен капиталистері экономиканың басым бөлігінің несиеге бату мәселесімен бетпе-бет келген. Алайда кейін совет билігі құлап қалды да, жаңа нарықтарға жол ашылды. Тиісінше, олар бұл жүйені жалғастыру мүмкіндігіне ие болды. Бірақ біздегі жағдайды ойлайық. Қазір Қазақстан халқының 90 пайызында несие бар. Қазір көп адамда енді несие алатын жағдай да жоқ. Себебі жаңадан қарыз алу үшін ескісін жабуың керек. Ал ескі несиені жабу үшін табысың болуы тиіс. Ал девальвацияға байланысты халықтың табысы түсіп кетті. Сол себепті халықта оны жабар шама да жоқ, – дейді ол.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар