$ 494.87  520.65  4.91

Бөтен адамның телефон арқылы сөйлескен әңгімесін қалай тыңдауға болады?

Арнайы бағдарламалар мен трояндар қолданылады. Сондай-ақ, абоненттің мобильдік аппаратын өзге базалық станцияға қосып алады.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Қазіргі уақытта кез келген телефонды тыңдауға болады. Алайда А5/3 стандартымен шифрланған және VoLTE технологиясы бар мобильдік желі абоненттерінің телефонмен талқыланған әңгімесі ең қорғалған болып саналады. 

"Заманауи мобильдік құрылғылардың бәрін тыңдауға болады. Арнайы құрылғыны кез келген адам сатып алуы мүмкін. Мұны арам ойлы адамдар үш жолмен жүзеге асырады", - деп жазады "Прайм" компаниялардың қорғалу деңгейін сараптау зертханасының маманына сілтеме жасап.

Арнайы бағдарламалар мен трояндар қолданылады. Сондай-ақ, абоненттің мобильдік аппаратын өзге базалық станцияға қосып алады.

Мұндай жағдайдан қорғану үшін спутниктік телефон қолдануға болады. Оларды, тіпті, арнайы қызметтердің тыңдауы қиынға соғады. Сарапшының айтуынша, ол аппараттардың құны екі жүз мың теңгеден астам.

Бұдан бөлек, ақпаратты шифрлаудың жеке жүйесі бар телефондар да кездеседі.

Дереккөз: Sputniknews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары