Жалған нөмірлермен көлік басқарған астаналық 4 миллион теңгеге ереже бұзған
Жүргізуші куәлігі жоқ Нұр-Сұлтан тұрғыны жалған нөмірлермен 4 миллион теңгеге жол қозғалысы ережелерін бұзған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.
Жалған мемлекеттік нөмірлермен автокөлік басқарған Mercedes жүргізушісі ұсталды.
"Ер адам автокөлікті жүргізуші куәлігінсіз айдап, 4 миллион теңгеден астам сомаға жол-көлік ережесін бұзған. Жүргізуші барлық бұзған ережесі туралы сол жерде хабарланды. Ер адамға қатысты ӘҚБтК-нің 612-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды, 83 340 теңге 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды", - деп хабарлады полиция өкілдері.
Сондай-ақ, 27 жастағы жүргізушіге қатысты талаптарға сәйкес келмейтін нөмір белгілері бар автокөлікті басқарғаны үшін ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Процессуалдық шешім қабылдану үшін материал Нұр-Сұлтан мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді. Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды.