$ 441.66  475.14  4.86

Омбыда Кемел Тоқаевтың құрметіне мемориал тақта орнатылды

Көшербаев соғыс ардагерлеріне арналған госпитальдың бас дәрігері Евгений Захаровқа диагностикалық зертхананың жабдықтары үшін сертификат табыстады.
фото: egemen.kz
фото: egemen.kz

Омбыда жазушы Кемел Тоқаевтың құрметіне мемориал тақта орнатылды. Бұл туралы Омбы қаласы әкімшілігінің ресми сайты хабарлады.

фото: sputniknews.kz

Ақын, жазушы және Ұлы Отан соғысының қатысушысы Кемел Тоқаевтың құрметіне мемориалды тақта жасау туралы шешімді осы жылдың наурыз айында Омбы қалалық кеңесі қабылдаған.

Салтанатты шараға Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ермек Көшербаев пен губернатор Александр Бурков, Омбы мэрі Оксана Фадина және қоғам белсенділері қатысты.

Мемориал тақтаға Омбы облысының губернаторы Александр Бурков және Қазақстан елшісі Ермек Көшербаев гүл шоқтарын қойды.

Көшербаев соғыс ардагерлеріне арналған госпитальдың бас дәрігері Евгений Захаровқа диагностикалық зертхананың жабдықтары үшін сертификат табыстады. 

Естеріңізге сала кетейік, жазушы Кемел Тоқаев ҚР-ның президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі, Ұлы Отан соғысының ардагері, ерлігі үшін бірнеше рет медальмен марапатталған. Сондай-ақ ол қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының негізін салушы болып саналады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары