$ 498.34  519.72  4.85

Сирияда орын алған ірі лаңкестіктен 100-ден астам адам қаза тапты

Сирияның Джабла және Тартус қалаларында бірнеше жарылыс орын алып, салдарынан жүзден астам адам қаза тапты деп хабарлайды Reuters.

Бұл жайында «Сирияның адамдар құқығы жөніндегі обсерваториясы» ұйымы мәлімдеген (Syrian Observatory for Human Rights). Қанды қырғынды «Ахрар аш-Шам» лаңкестік ұйымы өз мойнына алып отыр деп жазады ТАСС «Сурия» телеарнасына сілтеме жасап.

Сириялық полицейлердің хабарлауынша, Латакия провинциясындағы Джабла қаласында төрт бірдей жарылыс орын алған. Лаңкестік оқиғалар автовокзал мен ауруханада іске асыпты.

Араға бірнеше минут салып Тартус қаласында да ірі үш жарылыс болды. Қос оқиғадан қаза тапқандар саны жүзден асады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары