$ 443.35  475.54  4.82

Стрит-Арт: Қызылордадағы үйлерге Абай суреті салынды

Сыр суретшілері аймақта стрит-арт өнерінің дами қоймағанын айтады.

Биыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай жергілікті суретшілер стрит-арт композициясы бойынша бас ақынның суретін салуды қолға алды. Осы орайда Қызылордадағы көпқабатты үйлердің сыртына хакім Абайдың бейнесі салынды. Ұлы Абайдың суретін салу идеясын Сырдың талантты жас суретшісі Дәулет Ділдабек ұсыныс ретінде айтқан болатын. Қала тұрғындары бұл бастамаға оң бағасын беруде. 
«Қызылорда қаласында мұндай суреттердің пайда болғаны қуантады. Өйткені, стрит-арт қаланың келбетін одан әрі көрікті ете түседі. Оның үстіне ұлы тұлғаларымыздың портреті салынып, өсиет сөздері жазылып тұратын болса нұр үстіне нұр емес пе! Мұны жастар үшін пайдалы дүние деп білемін», - деді қала тұрғыны Айбол Темірбекұлы. 
Сыр суретшілері аймақта стрит-арт өнерінің дами қоймағанын айтады.

Сондықтан да, тұлғалардың бейнесін көпшіліктің әрқалай қабылдайтыны анық. Дегенмен, жергілікті тұрғындардың басым бөлігі бұл суретке жоғары бағасын берді. 

«Абай картинасы қабырғаға бейнеленіп жатқан сәтте қазақтың бас ақыны үйлердің сыртына салынбауы тиіс деп ойладым. Мүмкін менің бұл өнерден хабарымның тым аз болғандығынан да шығар.  Ал, кейін ойымды өзгерттім, себебі, картина маған ұнады. Сурет арқылы да төл өнерімізді, ақын-жазушыларымызды насихаттауға болатынын түсіндім», - деп пікір білдірді Бота Құлмырза есімді көпқабатты үйдің тұрғыны. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары