$ 498.34  519.72  4.85

Қазақстан адам саудасы бойынша әлемде екінші орынға шықты

Қазақстанда жоғалып кететіндердің басым бөлігі мерзімді жұмыс жасайтын ер адамдар екені анықталған.
Фото: qarmaqshy-tany.kz
Фото: qarmaqshy-tany.kz

ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы Думан Таев онлайн брифинг барысында еліміздегі адам саудасы мәселелеріне қатысты ақпарат берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстанның адам саудасы бойынша әлемде екінші орынға тұрақтағаны белгілі болды.

"Қазақстан рейтинг бойынша әлемде екінші орында", - дейді Таев.

Сонымен қатар, Таев елімізде із-түзсіз жоғалып кеткен адамдарға қатысты ақпаратпен бөлісті. Қазақстанда жоғалып кететіндердің басым бөлігі мерзімді жұмыс жасайтын ер адамдар екені анықталған. 

"Қазіргі таңда елімізде із-түзсіз жоғалған 1200 адам тіркелген. Олардың ішінде 22-сі бала. Көп жағдайда мерзімді жұмысқа басқа қалаға кеткен ер адамдар жоғалып кетіп жатады. Ал кәмелетке толмаған балалар арасында ата-аналарымен келіспей, ұрсысып қалған жасөспірімдер жоғалып кетеді", - дейді Таев. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#адам саудасы