$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстан Қырғызстанмен әуе қатынасын қайта жандандырды

Коронавирус пандемиясынан туындаған ұзақ мерзімді үзілістен кейін алғашқы рейс жақында Алматы-Бішкек-Алматы бағыты бойынша жасалды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қазақстан Қырғызстанмен әуе қатынасын қайта бастады. Бұл туралы екі елдің Сыртқы істер министрлерінің таяудағы келіссөздері кезінде уағдаластыққа қол жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Коронавирус пандемиясынан туындаған ұзақ мерзімді үзілістен кейін алғашқы рейс жақында Алматы-Бішкек-Алматы бағыты бойынша жасалды. Бірінші кезеңде екі республика арасындағы рейстер аптасына екі рет, жексенбі және сәрсенбіде жүзеге асырылады. Болашақта рейстер саны артады, бәрі елдердегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. Манас халықаралық әуежайының өкілдері мәлімдегендей, бірінші рейске барлық билеттер екі жаққа да сатып алынды. Жолаушылар әлі де санитарлық бақылаудың барлық қажетті процедураларынан өтеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары