$ 494.87  520.65  4.91

Қарағандыда біреудің көлігін ұрлап кеткен ер адам жол апатына ұшырады

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Қарағанды облысында біреудің көлігін айдап әкеткен азамат жол апатына ұшырады, деп хабарлады Polisia.kz.  

20 қыркүйек күні Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық полиция басқармасына 47 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны хабарласып, аудан орталығына туысының үйіне келгенде түнгі сағат 1.00 шамасында белгісіз біреу аулада тұрған автокөлігін айдап әкеткенін жеткізген.

Арада біршама уақыт өткенде полицияға ауылдан шығаберісте қатты жылдамдықпен жүрген көлік аударылып, өртеніп кеткені туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері өртенген ұрланған көлік екенін анықтады.

Куәгерлер көлік аударылғанда оның ішінен белгісіз азамат шығып, оқиға орнынан ізін суытқанын айтқан.

Автокөліктің қатты өртенгені сондай, қайта жөндеуге жарамсыз болған. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі үш миллион теңгеден асқан.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері аталған іске қатысы бар деген күдікпен 28 жастағы ер адамды ұстап, оған қатысты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 200-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғады.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары