Алматы облысының Ұйғыр ауданында жаңадан салынып жатқан нысан опырылып түсті. Оның неден құлағанын арнайы комиссия анықтайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ұйғыр ауданындағы спорт кешенінің құрылысы «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында 2019 жылдың қараша айында басталған.
«2021 жылдың қаңтар айында аяқталуы керек. Нысанның құлауына байланысты арнайы комиссия келіп тексеріс жұмыстарын жүргізіп жатыр. Комиссия қорытындысына сәйкес аталған олқылықтар қалпына келтіріледі», - деп хабарлады Ұйғыр ауданы әкімінің баспасөз қызметінен.