Жаңалықтар 23.09.2020 сағат 10:00

Сенат төрағасы Бас мүфтимен кездесті

Сенат Төрағасы мешіт қызметкерлерінің пандемия кезінде азаматтарымызға қолдау көрсеткенін тілге тиек етті.
Сенат төрағасы Бас мүфтимен кездесті
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Сенат Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты. 

Кездесу барысында дінаралық диалогты дамыту және елімізде қоғамдық келісімді нығайту мәселелері талқыланды.

Мәулен Әшімбаев Қазақстанның ел ішінде және жаһандық деңгейде дінаралық диалог идеясын ілгерілетуге баса мән беріп отырғанын атап өтті. Сенат Төрағасы алдағы уақытта Съезд Хатшылығының жұмысы діни бірлестіктер өкілдерінің сындарлы байланысын нығайтуға бағытталатынына сенім білдірді.

Сенат Төрағасы мешіт қызметкерлерінің пандемия кезінде азаматтарымызға қолдау көрсеткенін тілге тиек етті. Атап айтқанда, сын сағатта қайырымды істер ұйымдастырып, мұқтаж отбасыларға көмек қолын созған Діни басқарманың белсенді жұмысына ерекше назар аударды.

Сондай-ақ, тараптар елімізде қоғамдық келісімді нығайтудың және түрлі конфессия өкілдері арасында тиімді байланыс орнатудың маңызына тоқталды.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар