$ 494.87  520.65  4.91

Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райын болжамын жариялады

Тек еліміздің батысында ғана құрғақ және жылы ауа райы сақталады.
Фото: zr.ru
Фото: zr.ru

Синоптиктер 23-25 қыркүйек аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

"Аптаның ортасынан бастап Қазақстанның солтүстігі мен шығысына атлантикалық циклон әсер етуін жалғастырады. Соның әсерінен жауын-шашын жауып, жел күшейеді. Өңірде күзгі салқын ауа-райы сақталады. Аптаның соңына қарай ел аумағының басым бөлігінде ауа райы Батыс антициклонының ықпалында болады. Соның салдарынан жауын-шашын біртіндеп басылады. Елдің оңтүстік-шығысында кей жерлерде үсік жүреді", делінген хабарламада.

Тек еліміздің батысында ғана құрғақ және жылы ауа райы сақталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары