$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе рейсі 26 қыркүйектен бастап қайта жанданады

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің талаптарына сәйкес Ресейден Қазақстанға келетін жолаушылар үшін бірқатар талап қойып отыр.
фото: businessfm.kz
фото: businessfm.kz

Қазақстан мен Ресей Үкіметтерінің шешімдері бойынша 21 қыркүйектен бастап екі ел арасындағы тұрақты жолаушылар рейстерін қалпына келтіруге рұқсат етілді. Бастапқы кезеңде Нұр-Сұлтан – Мәскеу бағыты бойынша «Эйр Астана» және «Аэрофлот» әуе компаниялары аптасына бір рейстен орындайды.  

«Эйр Астана» әуекомпаниясы 26 қыркүйектен, «Аэрофлот» 27 қыркүйектен бастап әуе рейсін орындауды жоспарлап отыр.

Рейстер Қазақстан мен Ресейдің санитарлық-эпидемиологиялық нормаларын қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің талаптарына сәйкес Ресейден Қазақстанға келетін жолаушылар үшін бірқатар талап қойып отыр:

  • термометрия;
  • сауалнама;
  • алған сәттен бастап Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде 5 тәуліктен аспайтын уақыт өткен, ПТР әдісімен зертханалық тексерудің теріс нәтижесі бар COVID-19-ға тексерілгені туралы анықтама болған жағдайда – шектеусіз; анықтама болмаған жағдайда – келген жері бойынша ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру немесе 14 күнге үй карантині.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары