Жаңалықтар 23.09.2020 сағат 17:20

Алматыда ат арқылы курьерлік қызметпен айналысып жүрген жігіт ВИДЕОға түсіп қалды

Алматы полициясы бұл жағдай туралы білетіндерін айтып, жақын арада түсініктеме беруге уәде етті.
Алматыда ат арқылы курьерлік қызметпен айналысып жүрген жігіт ВИДЕОға түсіп қалды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Алматыда ат үстінде курьерлік компанияның сөмкесін арқалаған жігіттің көліктермен қабаттаса жолға шыққан видеосы пайда болды.

Жас жігіт жол бойында тұрған көліктердің жанынан асықпай өтіп, тапсырысты жеткізбек болған.

Желіде пайда болған видео Назарбаев даңғылынан Сәтпаев даңғылына бұрылған қиылыста түсірілген.

"Жаңа деңгей!", - деген пікір білдірді видео авторы. Себебі алматылықтарға сары түсті жеткізу қызметі жақсы таныс.

Сондай-ақ, видеодан шабандоздың артынан жол-патрульдік қызмет экипажы келе жатқанын байқауға болады. Жас жігіттің реакциясына қарағанда тәртіп сақшылары оны тоқтатқан болса керек.

Алматы полициясы бұл жағдай туралы білетіндерін айтып, жақын арада түсініктеме беруге уәде етті.

Ал әлеуметтік желі қолданушылары видеоға қатысты көңілді пікір қалдырып жатыр.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар