Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кеңесшісі әрі Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңес төрағасының орынбасары сэр Сума Чакрабартимен бейне байланыс арқылы маңызды мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Бейне байланыс форматында өткен жиында кеңесші, Реформалар жөніндегі жоғары кеңес төрағасының орынбасары сэр Сума Чакрабартимен Қазақстанның экономикалық дамуын ілгерілету, елімізге инвестиция тарту және Кеңестің қазанда өтетін бірінші отырысына дайындық мәселелерін талқыладық", - деп жазды Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.
Естеріңізге сала кетейік, 14 қыркүйек күні Сума Чакрабарти ҚР президентінің Экономикалық даму мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалған болатын.