24.09.2020, 13:00

Головкин келесі жекпе-жекке қашан шығатынын мәлімдеді

Тағы бір инсайдерлік ақпаратта жекпе-жек Карсон қаласындағы (АҚШ, Калифорния штаты) Dignity Health Sports Park аренасында өтпек.

IBF және IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы қазіргі әлем чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1) келесі жекпе-жегін 21 қарашада өткізуі мүмкін. Бұл туралы The Athletic инсайдері Майк Коппинджер хабарлады.

Қазақстандық боксшының қарсыласы – IBF тұжырымы бойынша міндетті поляк спортшысы Камил Шеремета (21-0). Жекпе-жек көрсетілімін DAZN стриминг қызметі ұсынуы мүмкін.

Тағы бір инсайдерлік ақпаратта жекпе-жек Карсон қаласындағы (АҚШ, Калифорния штаты) Dignity Health Sports Park аренасында өтпек. Бұрын бұл аренаның атауы StubHub Center болған, Головкин ол аренада жекпе-жек өткізген.

Еске сала кетейік, Головкин соңғы жекпе-жегін 2019 жылдың қазан айында Сергей Деревянченкоға қарсы өткізді.