$ 494.87  520.65  4.91

Абай жолы – қазақ өмірінің айнасы

Онлайн конференция барысында «Абай жолы роман-эпопеясы – қазақ өмірінің айнасы» тақырыбында әңгіме өрбіді.

Қызылорда қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №5, №9, №10, №11 кітапхана мамандарының ұйымдастыруымен оқырмандар конференциясы өтті. ZOOM платформасы арқылы жүзеге асырылған шарада Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы туралы айтылды. Бұл туынды республикалық «Бір ел – бір кітап 2020» акциясы аясында жаппай оқуға таңдалып, оқырмандардың сұранысына ие болды.

Онлайн конференция барысында «Абай жолы роман-эпопеясы – қазақ өмірінің айнасы» тақырыбында әңгіме өрбіді. Белсенді оқырмандар шығармадағы Абай, Құнанбай образдары мен әйелдер бейнесі туралы айтып өтті. Сонымен қатар, туындының идеялық мазмұны жайлы ой қозғады.

«Абай жолы» романы – қазақ өмірінің айнасы. Бұл – тарихымыз бен әдет-ғұрпымызды, салт-дәстүрімізді ұштастыратын шоқтығы биік шығарма. Қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтің осы эпопеясы ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің үлкен жаңалығы еді. «Абай жолы» – ғасырлық туынды. Төрт томдық эпопеялық роман қазақ қоғамының әлеуметтік, тұрмыстық, отбасылық ғұмырын мейлінше дәл, айқын бейнелейді. «Абай жолы» дүние жүзі халықтарының 116 тіліне аударылған», - деді шараны ұйымдастырушылар.

Онлайн конференцияда туындының бас кейіпкері – Абай образы жайлы тарқатылып айтылды. Роман туралы ой бөліскен оқырмандар жазушы Мұхтар Әуезовтің Абай бейнесі арқылы саналылықтың, ержүректіліктің, бірлікке шақырудың, халықтың қамын ойлаудың ең жоғары көрінісін көрсеткендігін тілге тиек етті. Сондай-ақ, кітап оқуды үрдіске айналдырған жас оқырмандар романдағы Құнанбай образы, әжелердің үлгісі болған Зере бейнесі туралы айтты. Оған қоса, шығармадағы қара халықтың ахуалы жөнінде де сөз болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары