$ 442.05  474.14  4.74

«Қазақфильмнің» өртенуі кімге керек болды? – мәселенің мән-жайы анықталды

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев «Қазақфильмде» шыққан өрттің сөндірілгенін хабарлап, өрттің шығу себебі мен шығынын анықтауды тапсырды.

Алматы қаласында орналасқан Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ музейінде өрт шықты. Осы оқиғаға байланысты қоғамда пікірлер екіге бөлініп, «қазақфильмге» арнайы өрт қойылған болуы мүмкін деген болжамдар айтылып жатыр. Осы орайда Sn.kz. порталы «Қазақфильмнің» өртенуі кімге керек болды?» деген сауалға жауап іздеп көрді.

Айта кетейік, 14 тамыз күні кешкі сағат 21:33-те кезекші пультіне әл-Фараби көшесі 176 үй мекенжайындағы ғимарат күзетшісінен хабар келген. Алматы қалалық төтенше жағдай күштері оқиға орнында күшейтілген режимде жұмыс істеп, өртті сөндірді.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев «Қазақфильмде» шыққан өрттің сөндірілгенін хабарлап, өрттің шығу себебі мен шығынын анықтауды тапсырды.

«Қазақфильмде» өрт шықты. Аумағы 400 ш. м ошақ 23:10-да, екінші 200 ш. м ошақ 23:26-да сөндірілді. 53 қызметкер мен 16 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт салдары жойылуда. Зардап шеккендер жоқ. ТЖД мен полицияға өрттің себебі мен шығынын анықтауды тапсырдым», – деп жазады әкім Twitter парақшасында.

«Қазақфильм» АҚ жуырда ғана жаңадан тағайындалған президенті Ақан Сатаев бұл «Қазақфильмге», қазақ киносына жасалған қастандық деп санайды. Бұл туралы мекеменің басшысы Instagram желісінде хабарлады.

«Мен өкінішке қарай жанып кеткен «Қазақ хандығы» кинокартинасының декорациясының ортасында тұрмын. Өртенген екінші нысан осы жерден 200 метр қашықта орналасқан. Өрттің әдейі жасалғаны анық. Бақытымызға орай, ешкім зардап шеккен жоқ. Қазіргі жағдайдың шығыны аса көп емес. Біз осыны жасаған қылмыскерлерді табамыз деген үміттемін», - деді Ақан Сатаев Instagram желісіндегі парақшасында.

Осыдан кейін ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова өртенген «Қазақфильмді» министр аралап көрген болатын. Осы сапар барысында Мәдениет министрі өртті сөндіруге қатысқан азаматтарға алғысын білдірді.

Нақты айтқанда «Қазақфильм» киностудиясында орын алған төтенше жағдайға байланысты ҚР мәдениет және спорт министрінің қатысуымен кездесу өтті. Аталған кездесуге Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм»

киностудиясының президенті Ақан Сатаев, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, Алматы қаласының ІІД және ТЖД өкілдері қатысты. Кездесу барысында өрт шыққан орындарда тексеру жүргізіліп, жауапты мекемелер өкілдері өрттің пайда болуының себебі мен хронологиясы туралы баяндама жасады.

Белгілі болғанындай, өрттің шығу себептері төтенше жағдайлар салдарынан орын алған. Рын алған оқиғаны Ішкі істер министрі мен Мәдениет және спорт министрінің жіті бақылауына алды.

Осыдан кейін «Қазақфильм» киностудиясындағы өрттің шығыны белгілі болды. «Қазақфильм» киностудиясындағы өрттен алдын ала есептеулер бойынша 49 миллион теңгеге жуық шығын келген. Орын алған төтенше жағдай Алматы әкімінің басты назарына алынды.

Айта кетейік, киностудия әкімшілігі ішкі тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Белгілі болғандай ең алдымен өрт орман қоймасының ашық аумағында басталған. Шамамен 20 минуттан кейін «Қазақ хандығы» тарихи фильмі үшін жасалған «Шайбан шахтың ішкі ауласынан» өрт шыққан. Бұл ағаш құрылым алғашқы ошақтан 300 метр қашықтықта орналасқан.

От шыққан қоймада жанғыш материалдардың болмауы мен оған электр тоғының тартылмауы өрттің өздігінен шығу фактісін жоққа шығаратыны айтылған. Еске салайық, 14 тамызда «Қазақфильм» киностудиясында ірі өрт болды. Тілсіз жауды жоюға 53 өрт сөндіруші мен 16 бірлік техника жұмылдырылды.

Естеріңізге сала кетейік, 14 тамыз күні кешкі сағат 21:33-те кезекші пультіне әл-Фараби көшесі 176 үй мекенжайындағы ғимарат күзетшісінен хабар келген. Алматы қалалық төтенше жағдай күштері оқиға орнында күшейтілген режимде жұмыс істеп, өртті сөндірді. Ал Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев «Қазақфильмде» шыққан өрттің сөндірілгенін хабарлап, өрттің шығу себебі мен шығынын анықтауды тапсырған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Қазақфильм