Алматы қаласы Жұмыспен қамту орталығының жұмыс іздеушілерді қолдау бөлімінің маманы Айдана Башиннің айтуынша, жастар практикасына орта есеппен 5 адам келеді. Жұмыспен қамту және кеңес беру процесі, барлық құжат түгел болған жағдайда 10-20 минут уақытты алады, - деп хабарлайды Sn.kz.
Жастар ресурстық орталықтары – нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ақысы төленетін жастар практикасына тартуға жәрдем көрсетеді. Жастар практикасына қатысу үшін жеке куәлік, дипломның көшірмесі, банктен шот және құжат тігетін папка қажет.
Халықты жұмыспен қамту орталығының мәліметінше, бүгінгі таңда жастар практикасына 2020 жылдың басынан бері 1328 адам жіберілген.
Алматы қаласы, Жетісу ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан Бірбаевтың айтуынша, жаңа ғана оқу орнын бітірген жас маман үшін жастар практикасынан өту-бұл тәжірибе алудың тамаша мүмкіндігі.
«Жастар үшін ең пайдалысы – олар 6 ай ішінде өз мамандығы бойынша жақсы тәжірибе алады. Егер ол өзінің қабілетін, білімін жақсы көрсете алса, болашақта оған сол жерде қалу ұсынысы түсуі мүмкін. Бұл жаңа ғана оқу орнын бітірген жас маман үшін жастар практикасынан өту-бұл тәжірибе алудың тамаша мүмкіндігі», – Алматы қаласы, Жетісу ауданы әкімінің орынбасары деді Бауыржан Бірбаев.
Айта кету керек, жастар практикасына соңғы үш жыл ішінде оқуды аяқтаған, дипломы бар, 29 жасқа дейінгі азаматтар қатыса алады.
«Жастар практикасы негізінен соңғы үш жыл ішінде оқуын аяқтаған, дипломы бар, түрлі маман иелеріне арналған. Жалақы 69 мың теңгені құрайды. Тиісті аударымдарды есепке алғанда, 50 мыңнан астам теңге алады», – деді Бауыржан Бірбаев.
Осы орайда айта кетейік, Алматыда жастарды жұмысқа орналастыру бойынша мобильді пункттер жұмыс істей бастады. Мамандардың айтуынша, жылжымалы пункттердің жұмыс орындарында санитарлық нормалар сақталады: әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, бетперде киген 1-2 қызметкер өтінім қабылдайды.
Жастар практикасына қатысу үшін алдымен жұмыс іздеуші ретінде тіркелу қажет. Мұндай тіркеуді тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығынан немесе Egov порталы арқылы онлайн режимінде алуға болады.
«Колледжді бітіре салысымен маған жұмыспен қамту орталығынан хабарласып, жастар практикасына шақырды. Мен "туристік агент" мамандығы бойынша жұмыс істеп, туризмді дамытқым келеді. Бұрын басқа жұмыстар істеп көргенмін, алайда мамандығым бойынша істемедім. Мұндай ресурстық орталықтардың бар болғаны жастарға жақсы. Себебі, енді оқуды бітірген жас маманға жұмыс іздеу, табу қиынға соғады», – деді Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжінің түлегі Алтындана Асанова.
Алматыда жастарды жұмысқа орналастыру бойынша мобильді пункттер жұмыс істей бастады, онда «Жастар практикасы» және «Қоғамдық жұмыстар» Жұмыспен қамту орталығының бағдарламалары бойынша түсіндіру жұмыстары мен жастарды тіркеу жүргізіледі.
Барлық аудандардағы Жастар ресурстық орталықтарының белсенділері жастарға ақпараттық брошюралар тарататын болады.
Жылжымалы пункттердің жұмыс орындарында санитарлық нормалар сақталады: әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, бетперде киген 1-2 қызметкер өтінім қабылдайды.
Аталған шара мына мекен-жайлар бойынша өткізіледі:
Алатау ауданы – Нұркент ықшам ауданы 5/6 (Атлетикалық ауыл) – 8 702 295 7598 – Нұрсұлтан, Алатау ауданы ЖРО үйлестірушісі;
Алмалы ауданы – Жібек Жолы-Панфилов (Арбат) көшелерінің қиылысы, – 8 708 160 8939 – Адиль, Алмалы ауданы ЖРО үйлестірушісі;
Әуезов ауданы – Абай-Алтынсарин көшелерінің қиылысы (Moskva СОО, Тиграхауд базары) – 8 707 982 6412 – Бақжан, Әуезов ауданы ЖРО үйлестірушісі;
Бостандық ауданы – Тимирязев көшесі 42 (Атакент) – 8 747 380 3711 – Еркебұлан, Бостандық ауданы ЖРО үйлестірушісі;
Жетісу ауданы – Айнабұлақ 1 ықшам ауданы, Жұмабаев-Мақатаев көшелерінің қиылысы (Айнабұлақ базары) – 8 702 143 2828 – Азамат, Жетісу ауданы ЖРО үйлестірушісі;
Медеу ауданы – Жібек Жолы-Пушкин-Райымбек көшелерінің қиылысы (көк базар, Орталық мешіт, Саяхат автовокзалы) – 8 701 405 4316 – Самат, Медеу ауданы ЖРО үйлестірушісі;
Наурызбай ауданы – Шұғыла шағын ауданы 347/2 – Қалқаман – 8 701 804 4007 – Айдар, Наурызбай ауданы ЖРО үйлестірушісі;
Түрксіб ауданы – Шолохов көшесі 2/1 (Алматы базары 1) - 8 747 697 5093 – Асылан, Түрксіб ауданы ЖРО үйлестірушісі.
Қосымша ақпарат алу үшін 8 747 299 3107 телефон нөмеріне хабарласыңыз.