$ 448.15  483.46  4.86

ШҚО-да кезекші сыныпқа барып жүрген оқушылардан коронавирус анықталды

Қазір облыста екі сынып пен бір мектеп 14 күндік карантинге жабылды.

Шығыс Қазақстан облысында кезекші сыныпқа барып жүрген төрт оқушыда коронавирус анықталды, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінен хабарлады.

"1 қыркүйектен бастап облыс аумағында төрт жағдай тіркелді. Бұл Шемонаиха ауданының 4-сынып оқушылары, Көкпекті ауданының 11-сынып оқушысы және Алтай ауданының 2-сынып оқушысы", - дейді департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір облыста екі сынып пен бір мектеп 14 күндік карантинге жабылды. COVID-19 вирусы анықталған барлық мектептерде эпидемияға қарсы және дезинфекциялау шаралары жүргізілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары