$ 448.15  483.46  4.86

Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Кей жерлерде шаңды дауыл болуы мұмкін. Күндіз төтенше өрт қаупі бар.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы «Қазгидромет» РМК-ге сілтеме жасап.

Дауылды ескерту ҚҚ №12 2020 жылғы 24 қыркүйектен 2020 жылдың 08 сағ. 25 қыркүйек 20 сағ. 25 қыркүйекке дейін

Күндіз 25 қыркүйекте Атырау облысында кей жерлерінде оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

Дауылды ескерту ҚҚ №20 2020 жылғы 24 қыркүйектен 21 сағ. 24 қыркүйек 21 сағ. 25 қыркүйек аралығы:

25 қыркүйекте Ақмола облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Дауылды ескерту № 9 ҚҚ 2020 жылғы 24 қыркүйетен 2020 ж. 21 сағ. 24 қыркүйек 21 сағ. 25 қыркүйек аралығы:

25 қыркүйекте Павлодар облысында солтүстік-батыстан жел соғады күші 15-20 м/с сақталады. Павлодар қ.: 25 қыркүйекте солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 17 м/с сақталады.

Түнде 25-27 қыркүйекте Қызылорда облысының кей жерлерінде топырақ бетінде 1-3 градус үсік күтіледі. 25-27 қыркүйекте Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, кей жерлерінде 23-28 м/с күтіледі. Кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 25 қыркүйекте таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с жел, шаңды дауыл күтіледі. 

Дауылды ескерту ҚҚ № 15 2020 жылғы 24 қыркүйектен 2020ж. 21 сағ. 24 қыркүйек 21 сағ. 25 қыркүйек аралығы:

25 қыркүйекте Қарағанды облысында кей жерлерінде түман күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі. Қарағанды қ.: таңертең 25 қыркүйекте тұман күтіледі.

Дауылды ескерту ҚҚ № 19 2020 жылғы 24 қыркүйектен 21 сағ. 24 қыркүйек 21 сағ. 25 қыркүйек аралығы.

25 қыркүйекте Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Түнде кей жерлерде 2 градус үсік күтіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары