Жаңалықтар 25.09.2020 сағат 10:00

Блогер Ермек Тайшыбеков ұсталды

Ресейшіл көзқарастарымен белгілі болған блогер Ермек Тайшыбеков 2015 жылы желтоқсан айында "ұлттық араздықты қоздырды" деп айыпталып, төрт жылға бас бостандығынан айырылған.
Блогер Ермек Тайшыбеков ұсталды
Фото: centralasian.org
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

23 қыркүйекте Алматыда 42 жастағы блогер Ермек Тайшыбеков ұсталды. Тайшыбеков - Қазақстанның Ресей құрамына кіруі қажеттігін және орыстілді халықтың дискриминацияға ұшырайтыны туралы пікір айтып, танылған блогер, деп хабарлайды centralasian.org.

Оның ұсталғаны туралы ақпаратты Азаттық тілшісі ең бірінші Алматы қалалық сотының бұрынғы судьясы Күлпаш Өтемісованың Facebook-тағы парақшасынан білді.

"2020 жылы 23 қыркүйекте Қазақстанда танымал құқық қорғаушы Ермек Тайшыбеков қамауға алынды. Ұстау кезінде оның компьютері мен мобильді телефоны тәркіленген" делінген жазбада.
Алматы қалалық полиция департаменті 42 жастағы Ермек Тайшыбековтің ұсталғанын растады.

"Тайшыбеков Қылмыстық кодекстің 174-бап ("Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру") белгілеріне келетін қылмыс жасады деген күдікпен 23 қыркүйекте ұсталған, сол күні кешкі сағат 21.25-те уақытша қамау изоляторына қамалды" деді аты-жөнін атағысы келмеген полиция қызметкері Азаттық тілшісіне.

Ермек Тайшыбековтің бауыры Марлен Тайшыбековтің сөзіне қарағанда, 23 қыркүйекте Ермек полицейдің телефонынан хабарласып, өзін ұстағанын айтқан. Бұған Youtube-те жарияланған Қазақстан билігінің ұлттық саясатын сынаған сұхбаты түрткі болуы мүмкін екенін де жеткізген. Марлен Тайшебеков 24 қыркүйекте уақытша қамау изоляторының қабылдау пункті арқылы азық-түлік пен жылы киім бере алғанын айтты.

Ресейшіл көзқарастарымен белгілі болған блогер Ермек Тайшыбеков 2015 жылы желтоқсан айында "ұлттық араздықты қоздырды" деп айыпталып, төрт жылға бас бостандығынан айырылған. Ол кезде Тайшыбековтің үстінен өздерін ұлт-патриоттары деп атайтын белсенділердің өтініші негізінде қылмыстық іс қозғалған.

2016 жылы қаңтар айында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының өкілі Тайшыбековке шығарылған үкімді сынаған.

Тайшыбеков 2017 жылы қазан айында түрмеден мерзімінен бұрын босап шыққан.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар