Шымкенттік тұрғын Бадам өзенінен ерекше балық аулады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Отырар» басылымына сілтеме жасап.
«Көлемі бес литрлік пластикалық бөтелкенің көлеміндей балықтың салмағы 1 300 грамм. Пішіні табан балыққа ұқсайды. Желбезектері қызыл түсті. Ал аузын ашып қараған едім, 5 жасар баланыкіндей тізбектелген тістерін көріп, шошып кеттім», – дейді Жеңіс Өзденбаев.
Кей тұрғындар бұл балықты пиранха тегінен тарайтын қоңыр паку болуы мүмкін деп болжап отыр.