$ 447.4  477.55  4.76

Әжелер сөзі – тәрбие көзі

Шиелі ауданының «Ақ әжем алтын қазынам» ансамблінің әжелері болса ат қою рәсімі жайлы көрсете отырып, бай салт-дәстүрімізді еске салды.
фото: inform.kz
фото: inform.kz

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аясында Сыр өңірінде «Әжелер сөзі – тәрбие көзі» атты байқау өтті. Онлайн режимінде өткен облыстық байқауға аймақ аудандарынан 12 әжелер ансамблі қатысты. Өнегеге толы байқауды Қызылорда халық шығармашылығы орталығының және Қазалы аудандық мәдениет және өнерді дамыту орталығының мамандары ұйымдастырды. 

Ақ жаулықты әжелер бақ сынаған байқау екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде әжелерден құралған әрбір ансамбль Абай әндерін орындады. Ал, екінші кезеңнің талабы бойынша байқауға қатысушы әжелер ұрпақ тәрбиесіне септігін тигізетін тағылымдық мәні бар көріністер көрсетті. 

Атап айтқанда, Қазалы ауданының «Өнеге» әжелер ансамблі «Босағаға ақ жаулық байлау» атты көрінісін ұсынып, байқаудың бас жүлдесіне ие болды. Ал, «Кесте тігу» деп аталған тәрбиелік мәні зор дүниелерін паш еткен Жалағаш ауданының «Асыл ана» әжелер ансамбліне І орын берілді. Шиелі ауданының «Ақ әжем алтын қазынам» ансамблінің әжелері болса ат қою рәсімі жайлы көрсете отырып, бай салт-дәстүрімізді еске салды. Мағыналы көрінісі үшін бұл ансамбль ІІ орын иегері атанды. Жаңақорған ауданының «Ақ әжелер» ансамблі «Сәлем беру» рәсімі арқылы ІІІ орын алды. Сондай-ақ, Арал ауданының «Асыл әжелер» ансамблі «Әжелерден өсиет» көрінісі арқылы ІІІ орынға лайық деп танылды. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары