25.09.2020, 16:40

«Барыс» ХК 11 мүшесінен коронавирус расталды

Фото: sports.kz
ДСМ ресми өкілінің айтуынша, коронавирус жұқтырғандар бүгінде амбулаториялық ем алып жатыр.

17 қыркүйектен бастап «Барыс» хоккей командасының ұжымында COVID-19 инфекциясын жұқтыру жағдайы бірнеше рет анықталған. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов мәлімдеді.

«17 қыркүйек күні «Барыс» хоккей командасы әкімшілік тобынан 40 қызметкер тексерістен өтті. Оның 11-інен COVID-19 расталды. Науқастармен байланыста болған 29 адам карантин талаптарын сақтауға көшті және оларға «Барыс Арена» стадионына келуге тыйым салынды. Дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Алайда, 22 қыркүйек күні науқастармен байланыста болған 29 адамды тексеру кезінде команданың тағы 8 мүшесінен COVID-19 анықталды. Көріп тұрғандарыңыздай, бұл вирус қарапайым адамдар ғана емес, спортшыларға да қауіпті», - деді Бағдат Қожахметов.

ДСМ ресми өкілінің айтуынша, коронавирус жұқтырғандар бүгінде амбулаториялық ем алып жатыр.