Індет кезінде Қазақстанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз адамдар саны 5,7 пайызға артқан. Бұл туралы статистика комитетінің дерегін зерттеген аналитикалық Finprom сайты хабарлады. 2019 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз ақша алатын адамдар 4,2 пайызды құраған. Бұл 2011 жылдан бергі ең нашар көрсеткіш, деп жазады Азаттық сайты.
Ақпарат бойынша, кедейлер саны жағынан Түркістан (12,8%), Солтүстік Қазақстан облысы (7,4%), Жамбыл облысы (6,9 процента) алда тұр. Нұр-Сұлтан (1,4%), Қарағанды (2,4%), Атырау (3,1%) облыстары қалған аймақтармен салыстырғанда "ауқаттырақ" болып шыққан.
Алматы мен Шымкентте тұрғындардың табысы былтырмен салыстырғанда азайған. Алматыда кедейлік деңгейі - 6,2 пайыз (былтыр екінші тоқсанда 2,6 пайыз болған), Шымкентте 6,4 пайызды (екінші тоқсанда 3,1 пайыз) құраған.
Зерттеушілердің айтуынша, Қазақстанда экономикалық белсенділік төмендеп, коронавирус дағдарысының әсері қатты біліне бастаған тұста "кедейлену" тренді барлық өңірде байқалған. Елде табысы күнкөріс деңгейінен аз 1,1 миллион адам бар.
Шілде айында Дүниежүзілік банк індеттің кесірінен Қазақстанда тағы 800 мың адам кедейлер қатарына қосылады деп болжаған еді. 2020 жылы кедейлік деңгейі "болжалды" 8,3 пайыздан 12,7 пайызға дейін артуы мүмкін.