$ 449.58  486.94  4.86

Alibaba негізін қалаушы Қытайдағы ең бай адам мәртебесінен айрылды

Қытайда бөтелке су өндіретін ең ірі Nongfu Spring компаниясының негізін қалаушы Чжун Шаншань қазіргі уақытта Азиядағы екінші бай адам саналады.
Фото: Reuters
Фото: Reuters

Alibaba негізін қалаушы Джек Ма Қытайдағы ең бай адам мәртебесінен айырылды, - деп хабарлайды Business Today. Оны бөтелкедегі су өндіретін Nongfu Spring компаниясының негізін қалаған Чжун Шаньшан басып озды.

Қытайда бөтелке су өндіретін ең ірі Nongfu Spring компаниясының негізін қалаушы  Чжун Шаншань қазіргі уақытта Азиядағы екінші бай адам саналады. Ол Reliance Industries Ltd (RIL) бас директоры Мукеш Амбаниден кейін тұр. 

Bloomberg Billionaires Index индексіне сәйкес, Шаньшанның байлығы - 58,7 миллиард доллар. Қазіргі уақытта ол америкалық Фил Найт пен Чарльз Кохтан сынды миллиардерлерді озып, ең бай адамдардың жалпы тізімінде 17-ші орынға ораналасты.

Ал жағдайы 56,7 миллиард долларға бағаланған Джек Ма Қытайдың бай адамдарының рейтингінде екінші орынға түсті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#адам #Джек Ма