$ 494.87  520.65  4.91

Коронавирустан қорғайтын спрей шығарыла бастады

Нәтижелер INNA-051 препаратының мұрын мен тамақтағы вирустың репликациясын 96 пайызға төмендетіп, инфекция қаупін азайтып, оның таралуын төмендететінін көрсеткен.
Фото: angliya.com
Фото: angliya.com

Австралиялық Ena Respiratory компаниясы коронавирустың тыныс жолдарында таралуына жол бермейтін спрей ойлап тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты зерттеу мәліметтеріне сілтеме жасап.

Ғалымдар бірнеше зерттеу жүргізген. Нәтижелер INNA-051 препаратының мұрын мен тамақтағы вирустың репликациясын 96 пайызға төмендетіп, инфекция қаупін азайтып, оның таралуын төмендететінін көрсеткен.

"Біздің еміміздің қаншалықты тиімді болғанына таң қалдық. Біз вирустың тез жойылғанын көрдік", - дейді Ena Respiratory басқарушы директоры, доктор Кристоф Демезон.

Алғаш рет INNA-051 мпрейі суықтан және тұмаудан қорғау үшін жасалынған екен, бірақ оның тиімділігі туралы нақты дәлелдер болмағандықтан мақұлданбаған дейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары