$ 446.49  475.38  4.79

«Бір маска 2700 теңге»: Қостанай облысы департаментінің өкілдері сайттағы хабарламаға қатысты пікір білдірді

Мемлекеттік сатып алу сайтынан алынған ақпаратқа қарағанда, департамент 118 маска сатып алған, олардың әрқайсының бағасы - 2750 теңге.
Фото: zanmedia.kz
Фото: zanmedia.kz


Қостанай облысы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаменті мемлекеттік сатып алу сайтындағы 2750 теңге тұратын медициналық маска туралы хабарламаға пікір білдірді, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Әлеуметтік желі қолданушылары маскалардың қымбаттығына наразылық білдіріп жатыр. Мемлекеттік сатып алу сайтынан алынған ақпаратқа қарағанда, департамент 118 маска сатып алған, олардың әрқайсының бағасы - 2750 теңге.

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің директоры Мұрат Мұратбеков осы хабарламаға қатысты түсінік берді.

"Біз қазір осы мәселемен айналысып жатырмыз. Департамент есепшісі Мемлекеттік сатып алу жоспарын порталда жариялаған кезде бағандарды шатастырғаны белгілі болды. Біз 118 теңге бағамен 2700 маска сатып алғымыз келді, ал хабарламада керісінше болып шықты. Содан кейін есепші хабарландыруды көргенде, ол жеткізушілерге жағдайды түсіндірді", - дейді Мұратбеков.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары