$ 444.22  476.38  4.82

Павлодарда 20 мың доллар пара алды деген күдікке ілінген экономикалық сот төрағасы жұмыстан қуылды (ВИДЕО)

Судья осы жылдың наурызында кәсіпкерлердің бірінен 20 мың АҚШ доллары көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталған.

Павлодарда пара алды деп күдікке ілінген экономикалық соттың төрағасы Талғат Тағажай жұмыстан қуылмақ. Бұл туралы Жоғары сот кеңесінің сот алқасы шешім шығарған, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы. 

Судья осы жылдың наурызында кәсіпкерлердің бірінен 20 мың АҚШ доллары көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталған. Кейін жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері оның пара алуға оқталғанын айтып, қылмыстық істі тоқтатқан болатын. Десе де, қызметінен уақытша шеттетілген судья Талғат Тағажай енді бұл лауазымға қайта келмейтін болды.  

"Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Тағажай судья әдебіне қайшы келетін, атына кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін судья қызметінен босатау туралы жазанының қолданылуы мен тәртіптік жауаптылыққа тартылды", - дейді Павлодар облыстық соты баспасөз хатшысының міндетін атқарушы Маржан Құрманғалиева.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#сот #пара алды