Жаңалықтар 30.09.2020 сағат 02:28

Мүфтият әйелдерді шешіндіріп емдейтін молдаға қатысты ресми мәлімдеме жасады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының дін қызметкерінің этикасына қатысты қабылдаған құжатына сәйкес, мұндай әрекетке жол берілмейді және қатаң тыйым салынады.
Мүфтият әйелдерді шешіндіріп емдейтін молдаға қатысты ресми мәлімдеме жасады
Фото: видеоан скриншот
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы әлеуметтік желі бетінде әйелдерді шешіндіріп емдейтін молда туралы бейнежазбаға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мүфтияттың айтуынша, бұл оқиға Қазақстанда болмаған.

«Құрметті оқырмандар!
Әлеуметтік желіде бір ер адамның әйелдің әуретті жерлерін ашып, денесіне жазбалар жазып, «емдеп» жатқаны жайлы бейнеролик тарады. Осыған байланысты төмендегіні мәлімдейміз:

Біріншіден, бұл оқиға Қазақстанда болмаған. «Емдеуші» мен «емделуші» шет тілінде сөйлесіп жатқаны анық байқалады.

Екіншіден, осы оқиғаны елімізде болған және «емдеушіні» «имам» деп түсініп жатқандар бар. Бұл оқиғаның біздің елге және біздің имамдарға қатысы жоқ екенін мәлімдейміз.

Үшіншіден, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының дін қызметкерінің этикасына қатысты қабылдаған құжатына сәйкес, мұндай әрекетке жол берілмейді және қатаң тыйым салынады. 

Оқи отырыңыз: «Сүрелерді әурет жерлерді ашып оқиды»: әйелдерді шешіндіріп емдейтін молда жұрттың жағасын ұстатты (ВИДЕО)

Шетелде орын алған осы жағдайға байланысты пікір білдерген кезде аса мұқият болуларыңызды сұраймыз.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы», - делінген мүфтияттың facebook желісіндегі  парақшасында. 

 

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар