Жаңалықтар 30.09.2020 сағат 06:50

Елімізде 93 мыңнан астам адам қысқартуға ұшыраған

Оған себеп - кәсіпорын жұмысының тоқтауы, банкортқа ұшырауы және кәсіпкерлік субъектілерінің жабылуы.
Елімізде 93 мыңнан астам адам қысқартуға ұшыраған
фото: matritca.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу


Осы жылдың екінші жартысында 93 мыңнан астам адам қысқартуға ұшыраған. Бұл туралы Finprom.kz хабарлады деп жазады matritca.kz сайты.

Оған себеп - кәсіпорын жұмысының тоқтауы, банкортқа ұшырауы және кәсіпкерлік субъектілерінің жабылуы. Бұл көрсеткіш ішінде тек 8 пайыздан астамы келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты жұмыстан шыққан.

Жалпы елдегі жұмыссыздар саны 454 мың адамды құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5 пайызға өскен. Олардың басым бөлігі Алматы қаласы, Алматы және Түркістан облыстарына тиесілі. Алматы қаласындағы жұмыссыздар саны - 54 мың. Бұл - өткен жылмен салыстырғанда 7,3 пайызға артық.

Алматы облысында 49,4 мың, Түркістан облысында 42,3 мың адам тіркелген. Мұнда да өткен жылғымен салыстырғанда өсім бар.

Жұмыссыздықтың себебі әртүрлі. Мысалы, 109,6 мың адам екі қолға бір күрек таба алмай жүрсе, 97 мыңнан астам адам жұмыстан өз еркімен шыққан.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар