30.09.2020, 17:20

Елордада айналма жол учаскесі 7 қазанға дейін толығымен жабылады

фото: КТК.kz
Қалада кептеліс тудырмау үшін елорда тұрғындары мен қонақтары өз бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет.

30 қыркүйектен 7 қазанға дейін Керей, Жәнібек хандар көшесінен оңтүстік-батыс айналма жолға дейінгі учаскеде автокөлік қозғалысын толық жабу жоспарлануда. Бұл жол-құрылыс жұмыстарының жүргізілуіне байланысты, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

"Қалада кептеліс тудырмау үшін елорда тұрғындары мен қонақтары өз бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз", – делінген Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы хабарламасында.