$ 498.34  519.72  4.85

Асқар Жұмағалиев Қазақстанның Нидерландтағы елшісі болып тағайындалды

Қайрат Омаров ҚР-ның Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі қызметінен босатылды.
фото: baq.kz
фото: baq.kz

ҚР президентінің жарлығымен Асқар Жұмағалиев Қазақстанның Нидерландтағы елшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Тоқаевтың жарлығы бойынша, Қайрат Ермекұлы Омаров Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі қызметінен босатылды;

Мағжан Жанботаұлы Ілиясов Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарудан босатылды;

Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары