Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды және аптаның соңында еліміздің солтүстігінде жауын-шашын болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, "Қазгидромет" РМК сайтына сілтеме жасап.
Алдағы күндері Қазақстанның солтүстік өңірлерінің ауа райына Солтүстік-Батыс циклоны әсер ететін болады. Бұл аудандарда жауын-шашын күтіледі, көбінесе жаңбыр түрінде.
Тек еліміздің батыс бөлігінде ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, желдің күшеюі, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл болуы мүмкін.
Оған қоса, бірнешет облысыта, дауылды ескерту жарияланды. 1 қазанда Қостанай облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман болуы ықтимал. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%
Ақмола облысының да кей жерлерінде 1 қазанда тұман түсуі мүмкін.
1 қазанда күндіз Қызылорда облысының кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі. Дауылдың ықтималдылығы 95-100 %. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.
1 қазанда күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Дауылдың ықтималдылығы 90-95%.