$ 498.34  519.72  4.85

Қордайдағы «жаппай тәртіпсіздікке қатысты» деп айыпталғандар сотталды

Бас прокуратураның мәліметінше, қақтығыс кесірінен 164 үй мен сауда орны, 100 көлік қираған. 342 адам зардап шеккен. 400-ден астам экспертиза жүргізіліп, 1 500-ден астам адам сұралған.

Кеше Алматы гарнизонының әскери сотында Қордай ауданындағы оқиғаға байланысты күдікке ілінген жеті адамға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Сот үкімі бойынша Абзал Нұра­хановқа Қылмыстық кодекстің 272-бабы бойынша «жаппай тәртіпсіздікке қатысты» және 188-бабына сәйкес «ұрлық жасады» деген айып тағылып, ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Судья Бақытбек Ибрагимов деген азаматты «аса ірі көлемде ұрлық жасады» деп 7 жылға соттады. Нұраханов пен Ибрагимов жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді.

Сондай-ақ Мырзағали Дүйсенбаев «аса ірі көлемде ұрлық жасады» деген айыппен 5 жылға сотталды. «Жаппай тәртіпсіздікке қатысты» деп айыпталған Рүстем Бежібаев 5 жылға, Ерлан Бұрал­қынов 3 жыл 20 күнге, Ұлан Атамбаев пен Алмат Тілеуғалиев 3 жылға түрмеге қамалды. Олар жаза­сын қауіпсіздігі орташа түрмеде өтейді.

Естеріңізге салсақ, ақпан айында Жамбыл облысының Қордай ауданында қазақтар мен дүнгендер ара­сында қақтығыс болған еді. Оқиға кезінде 11 адам қаза тапты. 59 адам­ның үстінен 120-дан астам қылмыстық іс қозғалды.

Бас прокуратураның мәліметінше, қақтығыс кесірінен 164 үй мен сауда орны, 100 көлік қираған. 342 адам зардап шеккен. 400-ден астам экспертиза жүргізіліп, 1 500-ден астам адам сұралған.

Ресми мәлімет бойынша, жаппай жанжалға Сартөбе ауы­лындағы қазақтар мен дүнгендер арасындағы кикілжің себеп болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары