01.10.2020, 10:40

«Құс тұмауы ма?»: Екібастұзда торғайлар қырылып жатыр

Фото: uniface.kz
Әлеуметтік желіде Екібастұзда жолда өлі торғайлар жатқан видео пайда болды.

Әлеуметтік желіде Екібастұзда жолда өлі торғайлар жатқан видео пайда болды. Алайда әкімдіктің мәліметі бойынша, торғайлар құс тұмауынан өлмеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдікке сілтеме жасап. 

"Бүгін әлеуметтік желіде Пшембаев көшесіндегі өлі торғайлардың видеосы тарады. Екібастұздың ветеринар дәрігерлері оқиға орнына барып, құстарды көлік қағып кеткенін анықтады. Куәгерлер бар", - дейді әкімдік өкілдері.  

Қалалық әкімдік өкілдері Екібастұзда құс тұмауы дерегі тіркелмегенін айтады. Жағдай тұрақты. 

"Аурудың алдын алған дұрыс. Екібастұзда құстарды вакцинациялау науқаны басталады. Вакцинацияға өтініштерді Екібастұз қаласының ветеринариялық станциясы қабылдайды", - деп түсіндірді әкімдіктегілер.