01.10.2020, 20:10

Кавасакиге ұқсас синдроммен ауыратын 2 бала көз жұмды

Фото:elements.envato.com
Риза Боранбаеваның айтуынша, бүгінде Қазақстанда мультижүйелі қабыну синдромымен ауыратын балалардың тек 41 жағдайы тіркелген.

Қазақстанда Кавасаки тәрізді синдроммен ауыратын екі бала қайтыс болды. Бұл туралы Қазақстан педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының басқарма төрайымы Риза Боранбаева айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Риза Боранбаеваның айтуынша, бүгінде Қазақстанда мультижүйелі қабыну синдромымен ауыратын балалардың тек 41 жағдайы тіркелген. Екі және үш жастағы екі баланы құтқару мүмкін болмады.

"Бізде бүгінде Кавасаки тәрізді синдроммен 41 бала тіркелген. Оның ішінде 37 бала аман-есен шығарылды, екі бала қайтыс болды. Мәселе олардың қосымша созылмалы ауруларында болды, соған байланысты синдром күрделенді. Олардың басқа органдарында аурулар болды, сондықтан бұл балаларды құтқару мүмкін болмады", - деді Риза Боранбаева.