02.10.2020, 07:20

2 қазанға арналған ауа райы болжамы

Фото: ашық дереккөз
Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең 1-3 градус үсік күтіледі.

2 қазан Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн ашық болады. Тек республиканың оңтүстігі және оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады. Кей жерлерде тұман күтіледі, оңтүстік-шығыста және оңтүстік-батыста жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет.

Жамбыл, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел желдің жылдамдығы 5-20 м/с жетеді, түнде және таңертең Жамбыл облысында тұман түсуі ықтимал.

Ақмола, Павлодар, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең 1-3 градус үсік күтіледі.

Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Жамбыл, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.