$ 449.58  486.94  4.86

Хиджап киген қазақ қыздары Ресейде онлайн оқуға мәжбүр

Осы үрдісті заңдастырып, оқушының қалауына қалдырса деп тілейді. Бірақ онлайн оқу уақытша деп отыр білім басқармасындағылар.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Ақтөбеде орамал таққан оқушылардың ата-аналары биліктен қашықтан оқытуды заңдастыруды сұрап отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, КТК арнасына сілтеме жасап.

Олар осылайша хиджап киген қыздарына орта білімді үйде оқып алуына мүмкіндік туар еді деп үміттенеді. 

Елімізде мектепке орамалмен келуге тыйым салынғалы, көбі Ресейдің білім ошақтарына ауысып, ақы беріп онлайн сабақ оқып жатыр екен. 

"Біздің онлайн-оқу жүйесін Қазақстанда заңдастырсын. Онлайн-оқу – керек. Қаншама проблема шешіледі. Егер мемлекет тарапынан  рұқсат берілетін болса, баламды кез келген жерге апарып оқытамын. Орысша білмейтін балалардың өзі Ресейде қиналып оқып жатыр", - деді Ақтөбе қаласының тұрғыны Гүлжанар Сәбденова.

Ақтөбедегі орамалды оқушылардың ата-аналары хиджап киген қыздарын мектепке кіргізбеген соң, көрші елдің ақылы білім ошақтарына ауыстыруға мәжбүр болған. Сөйтіп жылына үш жүз мың теңгеден аса ақша төлеп, онлайн сабақ оқиды. Қазір елдегі карантинге байланысты бар бала қашықтан оқуда. Осы үрдісті заңдастырып, оқушының қалауына қалдырса деп тілейді. Бірақ онлайн оқу уақытша деп отыр білім басқармасындағылар. Сондықтан орамалды оқушылардың ата-аналарының өтінішін орындау мүмкін емес екенін айтады. Тек карантин біткенше елдегі білім ошақтарында оқи алады. Одан әрі сабағын жалғастыру, жалғастырмауы мектеп формасын сақтауына байланысты болмақ. 

"Қазір «Білім туралы» заңда қашықтан оқыту туралы өзгеріс енгізілген жоқ. Коронавирус індетінде қашықтықтан оқыту – мәжбүрлі және уақытша енгізілген шара. Ал оны заңдастыру туралы әлі шешім қабылданған жоқ", - деді Ақтөбе облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Гүлназ Мырзағалиева.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары