$ 443.85  474.3  4.8

АҚШ Президенті Дональд Трамп коронавирус жұқтырды

Трамп өзінің әйелі Меланиямен бірге коронавирус жұқтырған.
Фото: dw.com
Фото: dw.com

АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің әйелі Меланиямен бірге коронавирус жұқтырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Бүгін бірінші ханым екеумізде COVID-19 оң нәтиже көрсетті. Біз карантин мен қалыпқа келу процесін дереу бастаймыз. Біз оны бірге жеңеміз!" - деп жазды Дональд Трамп Twitter-де.

Бұған дейін АҚШ президентінің кеңесшісі Хоуп Хикстен коронавирус расталғаннан кейін Дональд Трамп карантинге жатқызылды. Ол COVID-19 тестілеуінің нәтижесін күтіп отырғаны хабарланған болатын.

"Үзіліссіз көп жұмыс істеген Хоуп Хикстен COVID-19 расталды. Қорқынышты! Біз бірінші ханыммен бірге тест нәтижелерін күтіп отырмыз. Осы уақытта біз карантин процесін бастаймыз!" - деп жазды Трамп өзінің Twitter-дегі парақшасында.

Бұған дейін БАҚ өкілдері Хикстің Трамппен 29 қыркүйекте пікірсайысқа және 30 қыркүйекте Миннесота митингіге барғанын хабарлаған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары