04.10.2020, 12:38

Коронавирус жұқтырған 85 науқастың жағдайы өте ауыр

Ал 13 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр.

Денсаулық сақтау министрлігі 4 қазанға арналған коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпаратты жария етті. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады  Аzattyq-ruhy.kz.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 229 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 74 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 774 науқас жатыр. 1 455 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

«Жалпы, науқастардың арасында 85 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 13 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 21 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», - делінген министрлік ақпаратында.