$ 494.87  520.65  4.91

Ресейде бір тәулікте 10 мың адамнан COVID-19 расталды

Соңғы бір тәулікте Ресейде 10 499 адамнан COVID-19 анықталған, 107 науқас қайтыс болған. Ал 3 284 адам аурудан жазылған.

Ресейде мамырдан бері алғаш рет бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны он мыңнан асты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Соңғы бір тәулікте Ресейде 10 499 адамнан COVID-19 анықталған, 107 науқас қайтыс болған. Ал 3 284 адам аурудан жазылған. 

Кеше вирус жұқтырғандардың 28 пайызға жуығы, 2 920 адамда COVID-19 симптомдары байқалмаған. 

Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны 1 215 001-ге жетті. Пандемия кезінде елде 21 358 адам көз жұмған, 979 143 науқас аурудан жазылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#коронавирус