Алматы қаласында Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы аясында Экономика ғылымдарының докторы, академик Оразалы Сәбденов Абайдың «Толық адам» ілімін талдап, түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Sn.kz.
«Кейде біз өзіміз өзімізді басқаруды игермей жатып, басқаны басқарғымыз келді. Бұл да Абай сөзі. Біз Абайды толық іске асыра алмай жатырмыз. Абайдың «Толық адам» ілімінің жол картасын жасап, біздің рухани конституциямыз ретінде қалыптастыру керек. Сондықтан, Қытай мемлекеті сияқты бізде де идеология күшті болу керек еді», - деді О.Сәбденов.
Айта кетейік, биыл қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туғанынан 175 жыл толып отыр. Осы айтулы мерейтойға орай еліміздің түкпір-түкпірінде ақынды дәріптеген түрлі шаралар ұйымдастырылып жатыр. Соңғы уақытта елдегі пандемия жағдайына байланысты көп шараны онлайн өткізуге тура келді.
Осы орайда, Алматы қаласында Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы аясында Экономика ғылымдарының докторы, академик Оразалы Сәбденов Абайдың «Толық адам» ілімін талдап, түсіндіріп берген болатын.