$ 484.11  528.79  5.03

Абай-175: Ұлы ақынға жастар өз туындыларын арнап жатыр

Пианиноны 4 жасынан бастап ойнап жүрген жас өреннің бүгінде 150-ден астам музыкалық шығармасы бар.
фото: nurly.koksu.gov.kz
фото: nurly.koksu.gov.kz

Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы аясында 13 жасар композитор Нұрәлі Бейсеқожа «Абай» атты музыкалық туынды шығарды.  150-ден астам шығарманың авторы Абайды ерекше үлгі тұтады, - деп хабарлайды Sn.kz.

Айтқандай, Ұлы ақынды  жастарға кеңірек таныту үшін ұстаздар қауымы мен ғалымдар арнайы әдістемелік құрал дайындап қойған.  Ал ақынға музыкалық туынды шығарған жас композитор Нұрәлі Бейсеқожа музыкалық композициясын  ұлы ақынның 175 жылдығына арнаған. "Әр туындының өзіндік ерекшелігі бар, бірақ бұл әуезді әуенді шығарғанда ерекше күй керней түсті" дейді Нұрәлі.

«Ойыма бір әуен келді. Соны фортепианода орындап көрдім. Осындай ұлы адамға, философқа шығарма арнап шығардым. Ол мен үшін - парыз», – деді жас композитор, пианист Нұрәлі Бейсеқожа.

Пианиноны 4 жасынан бастап ойнап жүрген жас өреннің бүгінде 150-ден астам музыкалық шығармасы бар. Ол Абайдың композиторлық қырына қызыға қарайтынын айтады. Ал Нұрәлінің ағасы Ғаламат Бейсеқожа ұлы ақынға «Абай толғауы» атты күй арнапты. "Абайдың өлеңдерін жаттап, қара сөздерін оқып өстік" дейді ол.

«Абай атамызды біз келесі ұрпаққа насихаттау керекпіз. Өйткені Абай сол заманда қазіргі болып жатқан мәселелерді де айтып кеткен. Ұлы ақынның қарасөздерін оқыған кезде көп нәрсені түсінуге болады. Жалпы әр қазақ баласы Абай атамызды тануы керек. Өлеңдері мен қарасөздерін оқу керек деп ойлаймын», – деді күйші, композитор Ғаламат Бейсеқожа. 

Жарқын болашақ пен рухани бай ұрпақ тәрбиелеу үшін «Абайтану» пәнінің маңызы арта түсері хақ. Қазір пәннің әдістемелік нұсқасы толық жасалып, Білім және Ғылым министрлігіне бекітілуге жіберіліпті. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары