$ 494.87  520.65  4.91

Абай-175: Ақынның қара сөздері индонезия тіліне аударылды

байдың қара сөздерін әрбір қазақ оқыған және жатқа біледі деп ойлаймын. Сол қара сөздердің индонезия тіліне аударылуы ақынды сол елге таныту ғана емес, екі ел арасындағы байланысты да нығайту болып табылады.
фото: ar-ay.kz
фото: ar-ay.kz

Алматыдағы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында  индонезия тіліне аударылған қара сөздері кітабының тұсау кесер рәсімі өтті, - деп хабарлайды Sn.kz.

Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында өткен тұсаукесер рәсімі ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Индонезия Республикасындағы Қазақстан елшілігінің қолдауымен онлайн форматта өтті.

Шараға ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық кітапханалық одақтың төрағасы Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы қатысты.

«Қазақтың біртуар Ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығармашылығы әлемдік тілдерге аударылып жатқанын жақсы білеміз. Сондай игі стердің бірі бүгін біздің кітапханада онлайн форматта өтіп отыр. Абайдың қара сөздерін әрбір қазақ оқыған және жатқа біледі деп ойлаймын. Сол қара сөздердің индонезия тіліне аударылуы ақынды сол елге таныту ғана емес, екі ел арасындағы байланысты да нығайту болып табылады. Бүгінгі шара үшін қолдау білдірген баршаңызға шын жүректен алғыс білдіремін», - деді Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Бақытжамал Оспанова.

Естеріңізге сала кетейік, қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдың мерейтойы аясында Алматыдағы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында  индонезия тіліне аударылған қара сөздері кітабының тұсау кесер рәсімі өтті. Онлайн форматта ұйымдастырылған шараға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Индонезия Республикасындағы Қазақстан елшілігі қолдау білдірген. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары