$ 494.87  520.65  4.91

Arabtec компаниясының банкроттығы «Әбу-Даби Плаза» ғимаратының құрылысына әсер ете ме?

Нысан құрылысы 2010 жылы қараша айында басталған.
фото: tengrinews.kz
фото: tengrinews.kz

30 қазанда Arabtec Holding құрылыс компаниясының жабылатыны хабарланды. Қазір оның еншілес ұйымы Нұр-Сұлтандағы «Әбу-Даби Плаза» ғимаратын салып жатыр, деп жазады Аzattyq-ruhy.kz  сайты.

Arabian Business порталының хабарлауынша, 29 қазанда компания акционерлерінің жалпы жиналысы өтіп, құрылыс компаниясын тарату жөнінде бірауыздан шешім қабылдаған. Arabtec компаниясы мұндай қадамға жарты жылдың ішінде 216 миллион доллар шығынға батып, бұл қиындықтан шығатын жол таппай отырғандықтан барған.

Осы орайда KAZAKH INVEST ұлттық компаниясы LS порталына берген жауабында Arabtec компаниясының банкроттыққа ұшырауы «Әбу-Даби Плаза» кешенінің құрылысына әсері болмайды деп сендірген. Сондай-ақ Орта Азиядағы ең биік ғимарат болатын жоба жыл соңына дейін аяқталатынын айтқан.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтандағы «Әбу-Даби Плаза» кешені 2020 жылы елорда күніне орай  пайдалануға беріледі деп хабарланған. Нысан құрылысы 2010 жылы қараша айында басталған. Жоспар бойынша, 2016 жылдың соңында толық тапсырылуы тиіс еді. «Әбу-Даби Плаза» 75 қабаттан тұрады. Ғимарат биіктігі шамамен, 320 метр. Жалпы аумағы – 510 мың шаршы метр. Ол Орталық Азиядағы ең биік ғимарат болмақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары