$ 498.34  519.72  4.85

Ақтөбеде 6 қабаттан құлаған 2 жасар қыз аман қалды

Ақтөбеде 2 жасар сәби көпқабатты тұрғынүйдің алтыншы қабатынан құлап кетіп, аман қалды деп хабарлайды "Диапазон". Қыз баланы ата-анасы қараусыз қалдырған.

Ал, дәрігерлер болса нәрестені періштесінің қаққанын айтып отыр. Осыншама биіктіктен жерге құлаған баланың денесінде бірде-бір сынық жоқ дейді олар. Тек, ішкі органдарының жеңіл жарақатын алған және миы шайқалған. Сондықтан, жансақтау бөлімінен сәби нейрохирургия бөліміне ауыстырылды.

Облыстық балалар ауруханасының мамандары қыздың денсаулығына төніп тұрған қауіптің жоқ екенін айтады. Ол өзгелермен сөйлесіп, өздігімен тамақтанып, тіпті, ойнап та жүр екен. Оқиға 28 мамыр күні кешкі сағат жетілер шамасында Жағалау көшесіндегі №80 үйде орын алған. Қыздың құлағанын көшеде жүрген куәгерлердің бәрі көріпті.

"Бұл кезде көшеде ойнап жүрген балалар көп болатын. Барлығы қорыққандарынан жылап жіберді. Олар қыздың аузынан аққан қанды көрген" дейді көрші үйдің тұрғыны.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары