Жаңалықтар 05.10.2020 сағат 23:01

Air Astana Түркияға әуе рейстерді қысқартқанын мәлімдеді

Компанияның мәліметінше, бұған ведомствоаралық комиссияның 5 қазаннан бастап осы елге рейстер санын қысқарту туралы шешімінің қатысы жоқ.
Air Astana Түркияға әуе рейстерді қысқартқанын мәлімдеді
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Air Astana әуе компаниясы бірінші қазаннан бастап Түркияға рейстер санының қысқарғанын хабарлады.

Компанияның мәліметінше, бұған ведомствоаралық комиссияның 5 қазаннан бастап осы елге рейстер санын қысқарту туралы шешімінің қатысы жоқ.

"Анталияға баратын 14 рейстің төртеуі қысқарды. Алайда бұл коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешіміне байланысты қысқарған жоқ. Оған дейін жоспарланған болатын. Рейстерді қысқарту туралы тапсырма келген жоқ", - деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне әуе компаниясының баспасөз қызметі.

Ал SCAT әуе компаниясы Түркияға рейстерді қысқартуды әзірге жоспарлап отырған жоқ. Қазір компания Анталияға чартерлік рейстер ұйымдастырып жүр. Ал Стамбұлға апта сайын төрт рейс бар. Оның екеуі Шымкенттен, екеуі Ақтаудан ұшады.

"Әзірге ештеңе өзгерген жоқ. Өзгерістер болса, мысалы, бас санитар дәрігердің қаулысы шықса, оны атқарушы органға жібереді, содан кейін бізге жетеді. Әзірге кестеде өзгерістер жоқ. Егер өзгерістер болып жатса, оны қосымша хабарлаймыз", - деп атап өтті SCAT мамандары.

Turkish Airlines түрік әуе тасымалдаушысы да Қазақстанға рейстерді қысқартуды жоспарлап отырған жоқ.

"Қазақстанға рейстерді қысқарту туралы жоспар жоқ. Бүгінде рейстер Нұр-Сұлтан мен Алматыға бұрынғы режимде орындалып жатыр. Біз үкіметтен рейстерді қысқарту туралы ақпарат алған жоқпыз", - деп атап өтті әуе компаниясының баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Айта кетейік, бұған дейін коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия басқа елдермен әуе қатынасын қалпына келтіруді тоқтату, әуе қатынасы қалпына келген елдерге рейстер санын көбейтпеу және Түркияға рейстер санын азайту туралы шешім қабылдаған болатын.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар